Нұрсұлтан Назарбаев: Азаматтық қоғамның рөлін арттыру Ұлт жоспарында көрсетілген мақсаттардың бірі
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Нұрсұлтан Назарбаев: Азаматтық қоғамның рөлін арттыру Ұлт жоспарында көрсетілген мақсаттардың бірі

25 қараша 2016 ж 17:36 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Азаматтық қоғамның рөлін арттыру Ұлт жоспарында көрсетілген мақсаттардың бірі. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан VII азаматтық форумда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзінде айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.


«Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мемлекет атқарылған жұмыстарды қорытындылауда. Ең маңызды қол жеткізген табысымыз азаматтық қоғаммен байланысты. Азаматтық форум қазақстандықтардың еңбегінің негізінде жалпы ұлттық қазақстандықтардың қозғалысы қалыптасты. Азаматтық қоғамның рөлін арттыру – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 институциональды реформасында көрсетілген мақсаттардың бірі. Сіздердің белсенді және жасампаз қызметтеріңіз ел тәуелсіздігін нығайтуға және біздің қоғамның амандық-саулығына бағытталсын. VII азаматтық форумның қатысушыларына жұмыстарының нәтижелі болуына тілектеспін», – деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Астанада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында VII азаматтық форумы өтті.


comments powered by HyperComments