Елордаға инновациялық технологияның майталмандары жиналды
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Елордаға инновациялық технологияның майталмандары жиналды

25 қараша 2016 ж 13:48 , Астана

Астанада XI инновациялық конгресі өтіп жатыр. Конгресс халықаралық және қазақстандық сарапшыларды, үкімет пен жергілікті атқарушы билік өкілдерін, ұлттық холдинг пен ұлттық компаниялардың басшыларын, даму институттарын, ҒЗИ және ұлттық инновациялық жүйенің негізгі қатысушыларын жинады, деп хабарлайды BNews.kz.


Конгресс жұмысын ашқан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстан үшін халықаралық тәжірибе алмасудың маңызы зор екенін меңзеді.

«Елбасының тапсырмасы бойынша, екі стратегиялық инновациялық кластер Алматы мен Астана қалаларында жұмыс істейді. Біз ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін еліміз инновациялық даму жағынан алға жылжиды деп үміттенеміз. Халықаралық нарықта өзгелермен бәсекелес болу үшін жаңа білім және технологиялар қажет екенін түсінеміз. Сондықтан халықаралық әріптестік пен консультацияның маңызы зор екенін айта кеткім келеді», – дейді Е. Сағадиев.

Осы жолы конгресс Қазақстан үшін маңызды төрт бағытқа көңіл бөліп отыр: Энергетика, жаңа материалдар, информациялық және коммуникациялық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешендегі терең қайта өңдеу. Конгресс спикерлерінің арасында әлемдік Нобель сыйлығығының лауреаты Рае Квон Чунг, Израильдің көшбасшы бизнес-инкубаторы Клара Орен, Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу, Japan trchnology Group компаниясының басшысы Митсу Ямомото, Қазақстандағы Кондрад Аденауэр қоры өкілдігінің директоры Томас Хельм, USAID климат өзгерісін тоқтатуға бағытталған қазақстандық бағдарламасының басшысы Алексей Санковский бар.


comments powered by HyperComments