Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйледі
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 313.9
EUR 342.03
CNY 45.54
RUB 5.52


Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйледі

24 қараша 2016 ж 18:51 , Ресей, Санкт-Петербор
ФОТО: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігі аясында аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын талқылауға қазақстандық парламентшілердің де белсене қатысуына қатысты бірқатар ұсыныстарды алға тартты, деп хабарлайды BNews.kz.


«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай біздің еліміз БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық және қауіпсіздік, қарусыздану, терроризммен күрес және аймақтық қақтығыстарды ретттеу салаларында серпін беруге ынталы», – деді Н.Нығматулин.

Осы күні Санкт-Петербор қаласында өтетін ҰҚШҰ тоғызыншы пленарлық отырысында ұйымға мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік бағытында кадрларды қайта даярлау мәселесінде ұлттық заңнаманы үндестіру жолындағы ұсыныстар талқыланады.

Басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер назардан тыс қалмайды. ҰҚШҰ ПА құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің өкілдері кіреді. Үш тұрақты комиссия жұмыс істейді. Олар әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, саяси және халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments