Депутаттар Елбасының есімін Астанаға беруді ұсынды
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Депутаттар Елбасының есімін Астанаға беруді ұсынды

23 қараша 2016 ж 11:47 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» жобасында Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсету ұсынылған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.


«Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыда жарияланғандарды ескере отырып, елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсетуді ұсынамыз», – дейді депутат.

Осылайша, Қуаныш Сұлтанов Елбасының еңбегін одан әрі жоғары бағалауға болатынын айтты.

«Біздің тұтас мақсатымыз – Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз Тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа ұрпаққа аманаттап, мәңгілік ел құндылықтарын қастерлеу. Тәуелсіздік – біздің ең басты ұйыстырушы құндылығымыз болған, қазір де солай және болашақта да бола бермек», – деп түйіндеді ол сөз соңын.


comments powered by HyperComments