Мемлекеттік хатшы Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған көрмені аралады
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Мемлекеттік хатшы Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған көрмені аралады

28 қараша 2016 ж 19:28 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмені аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Елбасының кітапханасында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Қасымбеков, Парламент депутаттары, еліміздің белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні биылғы мерейлі жылы айрықша мәнге ие болып отырғанын атап өтті. Бұл – Қазақстан мемлекеттігін құрып, қазақстандықтардың бақуатты тұрмысының кепілі болып отырған Елбасының сарабдал саясатының айрықша ардақталатын жылы.

Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова бүгінгі көрме бүкіл Қазақстан қоғамы және  халықаралық қоғамдастық үшін елеулі тарихи және мәдени іс-шара екенін айтты.

Іс-шара аясында меймандарға ірі 7 көрме ұсынылды. Олардың қатарында республика тәуелсіздігі қалыптасуының негізгі сатыларын айшықтайтын «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» Елбасының жеке кітапханасындағы кітаптарынан құралған «Н.Ә.Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жеке архивінің құжаттарын қамтитын «Елбасы жолы» және т.б. атаулы көрме бөлімдері бар.

Бұдан бөлек, іс-шара аясында «Көшбасшылық факторы», «Парламентаризм эволюциясы», «Бітімгершілік әрекеттердің жол картасы» және тағы да басқа бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті.


comments powered by HyperComments