Т.Дүйсенова жұмыссыздар санын азайтуды көздейтін жаңа бағдарламаны таныстырды
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Т.Дүйсенова жұмыссыздар санын азайтуды көздейтін жаңа бағдарламаны таныстырды

29 қараша 2016 ж 12:42 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын таныстырды. Жаңа бағдарлама 3 бағытты қамтиды, деп хабарлайды BNews.kz.


«Елбасының тапсырмасымен жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін жаңа бағдарламаны сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтарды жұмысқа орналастыру немесе өзінің ісін ашуға қажетті кәсіби дағдыға жаппай оқыту және үйрету. Енді 3 негізгі бағытта жұмыс істейміз», – деді министр.

Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды.

«Біріншіден, біз енді сұранысқа ие мамандықтарды және кәсіпкерлік негіздерін оқытамыз. Екіншіден, жаппай кәсіпкерлекті дамыту және қалалар мен ауылдарда микронесиелендіруді дамыту көзделіп отыр. Үшіншіден, еңбек нарығын дамыту. Бұл өз кезегінде азаматтардың жұмысқа тұруына септігін тигізеді», – деді ол.

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қазіргі еңбек нарығының жай-күйіне тоқталды.

«Бүгінгі таңда 2,1 миллион адам – өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар, сондай-ақ, 447 мың жұмыссыз азамат бар. Оның 40%-ының квалификациясы жоқ. Еңбек жасындағы 665 мың азамат бар. Ал 550 мың адамның бір айлық жалақысының мөлшері 60 мың теңгеден төмен. Сондықтан, олар жаңа бағдарламаға қатыса алады», – деді министр.


comments powered by HyperComments