Алматыда Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтті
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Алматыда Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтті

23 қараша 2016 ж 09:54 , Алматы
ФОТО: almaty.gov.kz

Алматыда қала әкімі Баурыжан Байбек және Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі Любомир Заоралектің қатысуымен Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды BNews.kz.


Шара барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екі ел кәсіпкерлерінің өзара байланысын нығайту туралы әңгімелесті, деп хабарлады almaty.gov.kz.

Алматы әкімі қаланың чехиялықтармен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ынталы екендігін жеткізді.

«Алматы ел экономикасының бесінші бөлігін құрайды, бұл –  шикізатсыз экономикасы бар бизнес пен жеке капитал қаласы. Сервис пен сауда ЖӨӨ-дің 86% -ын құрайды. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан аса офисі бар, банк офистерінің 90% -да осында. Бүкіләлемдік «Doing Business» банкінің рейтингісінде Алматының көрсеткіші бойынша Қазақстан 35-орынды иеленді», – деді әкім.

Б.Байбек Чехия компанияларын импорттық өнімді алмастыру үшін Алматыға шақырды.

«Бұл үшін бізде барлық қажетті жағдай жасалған, инвесторларға қолдау көрсету заң жүзінде жүзеге асады. Алматының арнайы экономикалық аймағындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мен Индустриалды аймаққа қатысу екі жақты тараптар байланысын күшейтер еді», – деді ол.

Л.Заоралек арнайы делегацияның Қазақстанға ат басын бұруының өзі чехтық кәсіпкерлердің осында бизнес жасауға ынталы екендігін көрсетеді деді.

«Біздің еліміз нанотехнологияда жетекші орында және бағдарламалар жасау саласы дамыған. Ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастықты арттыру маңызды», – деді Чехия министрі.

Шара барысында екі ел кәсіпкерлері форумның негізгі бөлігінен соң өткен В2В бойынша кездесуде жақын танысты.


comments powered by HyperComments