Асқар Мамин: Қазақстан Түркіменстанның тұрақты көлік жүйесінің дамуына зор үлес қосып келеді
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Асқар Мамин: Қазақстан Түркіменстанның тұрақты көлік жүйесінің дамуына зор үлес қосып келеді

28 қараша 2016 ж 10:48
ФОТО: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ашхабадта өткен халықаралық Тұрақты көлік бойынша жаһандық конференцияға қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.


А.Мамин өңірдің әлем мұхиттары мен халықаралық теңіз жолдарына шығу мүмкіндігі жоқ, экономикалық даму елдері тұрғысынан алғандағы тұрақты көлік тақырыбының маңыздылығын айтып өтті.

«Сауда ағындарын заманауи логистикалық инфрақұрылыммен және жеткізудің жылдамдығы мен бағасы жағынан сапалы қызметімен қамтамасыз ету – транзиттік дәліздердің қатысушы елдеріне жаңа нарықтарды игеріп, жүк ағынын тартуға мүмкіндік береді», - дейді А.Мамин.

Оның айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында қабылданған тұрақты даму мақсаттары, соның ішінде тұрақты сипаттағы транзиттік және көлік инфрақұрылымын құру – жаһандық дамудың маңызды қарқыны.

«Қазақстан өңірдің логистикалық инфрақұрылымын жетілдіруге және дамуына айтарлықтай үлесін қосып келеді», - дейді А.Мамин.

Жаһандық конференцияға қатысу аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің қабылдауында болды.

Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты Қазақстан-Түркімен қарым-қатынастарын дамытудағы, мемлекетаралық байланыстардың барлық саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі мен маңыздылығын баса айтты.

Кездесу барысында маңызды бөлігі Қазақстан-Түркіменстан-Иран жаңа теміржол магистралі – «Солтүстік-Оңтүстік» теміржол дәлізін дамыту перспективалары талқыланды. 2014 жылдың желтоқсанында Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері үш мемлекетті жалғайтын Өзен – Берекет – Горган теміржол магистралін ашты.

Тараптар бұл халықаралық магистральдің өңірдің экономикасын дамытудағы, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың гүлденуі және оны нығайтудағы маңыздылығын тілге тиек етті.

Бұдан өзге, газ, трансшекаралық суды пайдалану саласындағы Қазақстан-Түркімен ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. А.Мамин алдағы ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне қатысатындығы үшін түркімен тарапына алғыс айтты.

Форум аясында А.Мамин Қытай, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Украина үкіметтерінің мүшелерімен кездесулер өткізді.


comments powered by HyperComments