Гүлшара Әбдіқалықоваға 9 елдің елшісі сенім грамоталарын тапсырды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Гүлшара Әбдіқалықоваға 9 елдің елшісі сенім грамоталарын тапсырды

28 қараша 2016 ж 13:27 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға Қазақстанда төтенше және өкілетті елші міндетін атқарушы 9 елдің өкілі сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.


Маңызды жиынға Буркино Фасо – Антуан Сомда, Ұлы Люксембург Герцогтыгі –  Жан-Клод Кнебелер, Жаңа Зеландия – Ян Хилл, Черногория – Игорь Йовович, Исландия Республикасы – Сигридур Берглинд Асгейрсдоттир, Молдова Республикасы – Думитру Брагиш, Парагвай Республикасы – Рамон Антеро Диас Перейра, Руанда Республикасы – Уильямс Нкурунзиза, Судан Республикасы – Надир Юсеф Аль-Тайеб елшілері қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты рәсім ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілгендігін айтты. Мемлекеттік хатшы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталауымен құттықтап, олардың қызметі елдер арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін өсіруге ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

Жаңа Зеландия елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова еліміз үшін агроөнеркәсіп саласындағы инновациялық технологиялар мен ауылшаруашылық өнімдерін терең өндіру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше қызығушылық танытатындығын жеткізді.

«Географиялық жағынан Жаңа Зеландия мен Қазақстан алыс орналасқан. Соған қарамастан, біз достық қарым қатынастамыз. Нақтырақ айтсақ, қазақ елімен көптеген сала бойынша байланыс орнаттық. Сондай-ақ, БҰҰ көлемінде тығыз байланыстамыз. Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығында тұрақты емес мүшелігіне өтуімен құттықтаймын. Біздің еліміз осы жылы бұл кеңестегі жұмысын аяқтайды. Жаңа Зеландия мал шаруашлығы салысындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Себебі, мемлекетімізде сүт және ет өнімдерін өңдеу жақсы жолға қойылған», – деді Қазақстандағы Жаңа Зеландия елшісі.

Ал Парагвай елшісімен кездесуінде Мемлекеттік хатшы аталмыш елдің өз электр қуатына деген қажеттілігінің 90%-ына дейін жандандырылатын қуат көздері есебінен қамтамасыз ететіндігіне назар аударды. Сондай-ақ, Парагвайды Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы әлемге баламалы энергетика саласындағы үздік жетістіктерін көрсету мүмкіндігін ұсынатындығын айтты.

«Мен үшін Қазақстанда қызмет атқару үлкен құрмет. Қазақстан мен Парагвай елдерінің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жандарыра түссем деген ниеттемін. Біз Қазақстан сияқты ашық теңізге шыға алмаймыз. Соған қарамастан БҰҰ-ның аясында теңізге шыға алмайтын 34 мемлекет кіретін топ арқылы сіздермен тығыз байланыс орнатуға тырыстық. Экономика және елімізде мамандаған салалар бойынша байланысымызды одан әрі дамытуты көздеп отырмыз», – деді Парагвай елшісі.

Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жұмысына шақырды.


comments powered by HyperComments