Павлодарда Литваның консулдығы ашылды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Павлодарда Литваның консулдығы ашылды

ФОТО: BNews.kz архивінен

Павлодар қаласында Литва Республикасының құрметті консулдығы ашылды. Атаулы шараға өңірге арнайы келген Балтық жағалауы елінен делегация келді. Делегаттар қатарында Қазақстандағы Литваның Төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас және Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Дипломатиялық өкілдік қос ел арасындағы өзара ынтымақтастықты орнату мен дамытуды жоспарлап отыр. Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше өкілетті елшісі Витаутас Наудужастың айтуынша, бүгінде литвалық кәсіпкерлер еліміздің мамандарымен әріптестік байланыс орнатуға ниетті. Биыл қос ел арасындағы тауар айналымы 800 млн АҚШ доллары болған, алдағы уақытта бұл көрсеткіш еселене түспек. Қазіргі таңда Қазақстанда екі мемлекеттің біріккен кәсіпорындарының саны 50-ге жеткен. Болашақта Қазақстанда литвалық бизнесмендер ауыл шаруашылығына қажет тыңайтқыштар өндірісін, құрылыс салаларында жаңа кәсіпорындар ашуды жоспарлап отыр.

«Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде мемлекет көптеген жетістікке жетті және де осы жетістіктер тек қана арта түсетініне сенім білдірді. Халықтар арасындағы достастық, инновациялар мен қызығушылықтар пайда болғанда нығаяды. Қазақстанда осы жылдар ішінде зор жұмыс атқарылды. Қазақстан елінің тәуелсіздігі тек ел үшін ғана емес, бүкіл ғалам үшін маңызды. Мұның бәрі ел Президентінің саясатының арқасында болып отыр. Қарым-қатынастарымыздың тиімді дамуына мен сенімдімін», – дейді Витаутас Наудужас.

Кездесу барысында Литва Республикасының Павлодар облысындағы Құрметті консулы тағайындалды. Маңызды лауазымға облыстық Кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы, өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Райхангүл Сатабаева тағайындалды.


comments powered by HyperComments