Павлодарлықтар баспанасы өртенген отбасыға жылу жинап жатыр
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Павлодарлықтар баспанасы өртенген отбасыға жылу жинап жатыр

ФОТО: автор

Павлодар облысы Шарбақты ауданында өрттің құрбаны болған отбасыға жерлестері материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Еске сала кетейік, қайғылы оқиға аудан орталығы – Шарбақты ауылында болды. Жер үй өртеніп, салдарынан 39 және 37 жастағы ерлі-зайыптыларды күйік шалды. Сонымен қатар, 1,5 жасар қыз бала мен 10 жастағы ұл бала көз жұмды.

Аудандық әкімдік мамандарының мәліметінше, 10 жастағы Никита отбасындағы екінші бала. Ал жанұяның тұңғышы қазіргі таңда Павлодардағы медициналық колледжде білім алады. Ал 1,5 жасар сәби Ева Кургузкина қызыл жалын шарпыған үйде газ жарылып, өрт кезінде кездейсоқ болған. Қыз баланың анасы жұмысқа кеткенде көршілеріне уақытша қалдырғаны анықталды.

«Бұл – шарбақтылықтар үшін орны толмас қайғы. Жерлестері оларды үлгілі отбасы деп біледі. Отағасы Сергей жергілікті колледжде күзетші болып жұмыс істейді, ал анасы – аудандық кәсіпкерлік және аулы шаруашылығы бөлімінің техникалық маманы. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Материалдық көмек көрсету мақсатында арнайы есепшот ашылды», – дейді аудандық әкімдік аппаратының жетекшісі Райхан Усина.

Көмек қолын созамын деушілер Литвиненко Наталья Федоровнаның атына  «Халық банкінде» ашылған есепшотқа қаржы аудара алады. Есеп нөмірі: KZ 036 010 002 003 557 291. ИИН 551 128 400 396.

Өрт құрбаны болған ерлі-зайыптылар аудандағы орталық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Олардың денелерінің 90%-ын күйік шалған.

Айта кетейік, Ертіс өңірінде жыл басынан бері 700-ден астам өрт болды, салдарынан 20-дан астам  адам көз жұмды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 492 өрт тіркелді, бұл орын алған өрттердің 67 %-ы.


comments powered by HyperComments