Сауд Арабиясында қар жауды (ФОТО, ВИДЕО)
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Сауд Арабиясында қар жауды (ФОТО, ВИДЕО)

29 қараша 2016 ж 13:00
ФОТО: twitter

Қыс таяған шақта Сауд Арабиясында жауын-шашын көбейді, тіпті қар да жауды, деп хабарлады әмірліктің Бас метеорологиялық басқармасы.


Арабияда табиғаттың мұндай тосын мінезі өте сирек болып тұрады. Әзірге Шакра және Табук тауларында қар бар. Эль-Джауфеде ауа райының температурасы минус 3-ке дейін, Эль-Курайятта минус 1-ге дейін төмендеді, деп жазды РИА Новости.

Нөсер жауынның кесірінен түрлі қала мен ауылды сел басты және көлік қозғалысына кедергі болды.

Бұдан басқа, елдің орталық бөлігіндегі астанасының кейбір ауданында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты шөлдегі құмды қар жауып тастады.

Әмірліктің метеорологиялық басқармасы алдағы күндері де жауын-шашын көп болады деп ескертті. Эр-Рияд, Шығыс провинция, Мекке мен Медина, елдің солтүстігінде және оңтүстік-батыстағы тауларда арабтар үшін қолайсыз ауа райы орын алмақ. Осыған байланысты азаматтық қорғаныс қызметі тұрғындар мен қыдырып келген туристерге сақтық шараларын қолдануды ескертті.


comments powered by HyperComments