ШҚО-да кешегі дүлей дауылдан 5 адам зардап шекті

ШҚО-да кешегі дүлей дауылдан 5 адам зардап шекті

18 шілде, 13:35 520 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-да кешегі дүлей дауылдан 5 адам зардап шекті

Кеше ШҚО-да болған күшті дауылдың салдарынан 5 адам зардап шеккен. Олардың үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін екеуі үйіне жіберілсе, бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ТЖД ресми өкілі Р.Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Кеше ШҚО-ның үш ауданы мен Өскемен қаласында жел көтеріліп, оның жылдамдығы 35 м.с жеткен. Дауыл ғимараттардың шатырын жұлып кетті, 5 көлікке зақым келді. Адамдар да түрлі жарақат алды», - деді ведомсвтоның ресми өкілі.

Руслан Иманқұловтың айтуынша, «Қазгидромет» РМК аймақтық филиалы 17 шілдеде күн күркіреп, жаңбыр жауатыны және секундына 20 м/с жылдамдықпен жел соғатынын ескерткен.

«Қазір облыстық әкімшілік жанынан арнайы комиссия құрылды. Ол келтірілген шығынды анықтап, мәліметтерді нақтылайды. Мұндай жағдай бұған дейін Жамбыл облысының Қаратау және Жаңатас қалаларында да орын алған болатын», - деді ол.  

Иманқұлов тәулік ішінде дүлей дауылдан келген шығын мен зардаптар туралы мәлімет нақтыланатынын және ТЖД қызметі көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Сонымен қатар ол «Қазгидромет» РМК  Қарағанды, Қостанай облыстарында да күн күркіреп, жаңбыр жауатыны және жел күшейетіні туралы мәлімет таратқанын жариялады. Ал Атырау мен Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады деп күтілуде.

Бүгін ШҚО әкімшілігінде сағат 14-30-да дауыл салдарын жою мәселесі бойынша брифинг өтеді. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «ШҚО»