СҚО әкiмi «Iluka Еxploration Kazakhstan» ЖШС өкiлдерiмен кездестi

СҚО әкiмi «Iluka Еxploration Kazakhstan» ЖШС өкiлдерiмен кездестi

20 маусым, 10:55 103 Солтүстік Қазақстан облысы
СҚО әкiмi «Iluka Еxploration Kazakhstan» ЖШС өкiлдерiмен кездестi

Кездесуде өңiр басшысы «Iluka Еxploration Kazakhstan» ең iскер инвестициялық компаниялардың бiрi екендiгiн айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Геологиялық барлауды көбiрек инвестициялайтын және әлемдiк нарықта циркон өндiрiсiнiң көшбасшыларының бiрi саналатын компания екенiн бiлемiз. Бiз сiздермен ынтымақтастық орнатуға және үлкен жұмыстарыңызға тиiстi жағдай жасауға мүдделiмiз. Әсiресе түстi метелдер бойынша бiздiң облысымыздағы пайдалы қазбалар аз зерттелгенiн бiз түсiнемiз», - дедi Құмар Ақсақалов.

«Iluka Exploration Kazakhstan» ЖШС-нiң бас директоры Энтони Джона Торнтона, үкiметпен байланыс жөнiндегi директор Лейла Бекетаева және жұртшылықпен жұмыс жөнiндегi менеджер Жанар Файзулдаева облыс басшылығына ынтымақтастық үшiн ризашылықтарын бiлдiрдi.

Қонақтар атап айтқандай, «Iluka» Австралияның ұқсату бойынша алтыншы, минералдық құмдар саласында жетекшi орын иеленетiн компания. Сонымен бiрге геологиялық барлауды жыл сайын 12 млн доллармен инвестициялайтын серiктестiк.

«Бiз негiзiнен дүние жүзi бойынша ауыр минералды құмдарды, үйде, жұмыста, медицина мен өнеркәсiпте қолданылатын диоксидтi iздестiремiз»,- дедi Энтони Джона Торнтона.

Компанияның жұмысы барлау, игеру, өңдеу, өнiмнiң маркетингi және реабилитациялау циклдарынан тұрады. Компания үшiн жұмыс жүргiзiлетiн жердегi жергiлiктi тұрғындармен, жергiлiктi мемлекеттiк органдармен жақсы қарым-қатынас жасау маңызды саналады. Энтони Джона Торнтонаның ақпараты бойынша, әсiресе Қазақстанға ерекше көңiл аударылады, себебi ертеде бұл жерде мұхит болған, өйткенi «Iluka» бағыт ұстанатын мұнда табиғи жағажайлар бар.

«Соңғы келгенде геолгиялық көрме қойылған мұражайда болдық, ондағы жәдiгерлерде теңiз өмiрi көрiнiс тапқан. Мұнда Автралиядағыдай 2 iрi кен орнын табуға көмектескен нақты биологиялық мiнездеме бар. Компания Қазақстанда да iрi кен орнын ашуға үмiттенедi. Бiз облыстың аудандарын аралап, тұрғындарды оқытатын боламыз»,- дедi «Iluka Exploration Kazakhstan» компаниясының бас директоры.

Кездесудiң соңында Құмар Ақсақалов облыста ауыл шаруашылығынан басқа, ұқсату өнеркәсiбiн дамыту да маңызды орын алатындығын атап айтты.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «инвестиция»