«Астана» Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


«Астана» Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)

25 қараша 2016 ж 10:19
ФОТО: vesti.kz

«Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында соңғы ойынын өз алаңында Кипрдің 25 дүркін чемпионы «АПОЭЛ» командасына қарсы өткізіп, қарсыласты 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды хабарлайды BNews.kz.


Станимир Стойлов алғашқы минуттан алаңға Ненад Эрич (К), Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Игорь Шитов. Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Серікжан Мұжықов, Абзал Бейсебеков, Джордже Деспотович, Джуниор Кабананга сынды ойыншыларды шығарды.

Ал «АПОЭЛ» командасының бас бапкері Томас Кристиансен ойынға Бой Ватерман, Карлао, Иньяки Астис, Роберто Лаго, Живко Миланов – Игор де Камарго, Нуну Мораиш (К), Винисиус, Георге Эфрем, Статис Алонефтис,Пиерос Сотириуді шығаруды жөн санады.

Бірінші таймнан-ақ «Астана» басымдықты өз қолына алып, өткір шабуылдар ұйымдастырды. Матчтың 2-ші минутында Кабананганың сол қапталдан шығарып берген добын шабуылшы Рохер Каньяс пайдалана алмады. Доп қақпадан қиыс кетті. Кейін елордалық команда бірнеше рет өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен одан нәтиже шықпады.

31-минутта «Астана» футболшыларының қателігін ұтымды пайдаланған АПОЭЛ командасының жартылай қорғаушысы Георге Эфремнің алыстан бағыттаған соққысы Ненад Эричтің қақпасынан табылды. Кейін АПОЭЛ командасының қорғаушысы Иньяки Астис Джуниор Кабанангаға қарсы ойын ережесін өрескел бұзып, алаңнан қуылды. Төрешінің шешімін жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов айып соққысын орындады. Өкінішке қарай, оның соққысы қақпадан биік кетті. Кейін елордалық клуб есепті теңестіруге бар күшін салды. Бірақ, АПОЭЛ командасы сауатты қорғана білді. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.

Екінші таймда да «Астана» командасы жиі шабуылдар ұйымдастырды. 59-минутта Марин Аничич АПОЭЛ-дің қақпашысы Ватерманның қателігін ұтымды пайданалып, есепті теңестірді.

Жеңіс голын 84-минутта Джордже Деспотович салды. Қорытынды есеп – 2:1. «Астана» Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осы жеңісімен елордалық клуб бесінші ұпайын алды.


comments powered by HyperComments