Бүгін Қабанбай батыр мен Тұран даңғылында жол қозғалысы шектеледі
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 312.76
EUR 331.09
CNY 45.53
RUB 5.4


Бүгін Қабанбай батыр мен Тұран даңғылында жол қозғалысы шектеледі

24 қараша 2016 ж 15:07

Бүгін сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Астана (Қазақстан) мен АПОЭЛ (Кипр) арасында халықаралық футбол матчы өтеді. Осыған орай сағат 20.00-де Қабанбай батыр және Тұран даңғылы Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы шектеледі. Матч аяқталған уақытқа дейін Мәнгілік ел (бұрынғы Орынбор) көшесімен айналып өту ұсынылады.


Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуды және жұртшылықтың пайдасына жеке жол көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қаласы Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынамыз.

Футбол матчына баратын жанкүйерлерді жинау және арнайы рейстермен тегін жеткізу мына бес мекен-жайда жүргізіледі:

1) «Қазақстан» СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);

2) «Хазрет Сұлтан» мешітінен (Қошқарбаев даңғылы);

3) «Нұр Астана» мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы);

4) Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын тас жолы көлік тұрағы);

5) Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі Елорда тұрғындары мен қонақтарына жаппай іс-шара жүргізілу барысында тәртіп пен тазалық сақтауға кеңес береді.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments