Головкин Қазақстандағы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі мүмкін
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 326.97
EUR 381.05
CNY 48.44
RUB 5.45


Головкин Қазақстандағы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі мүмкін

2 желтоқсан 2016 ж 10:03

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2017 жылдың мамыр айында Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер айтты, деп хабарлайды Baq.kz UCN Live-ке сілтеме жасап.


«Бізге Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен болатын. Головкиннің басты демеушісі ЭКСПО-2017 компаниясы болмақ. Олар бұл кездесуді мамыр айының соңында өткізуді қалайды. Біз әлі бұл жағын ойластырамыз. Егер ол наурыз және қыркүйек айында кездесіп, жеңіске жетсе, онда желтоқсанда рингке шығу мүмкіндігі бар. Ал наурыз, сосын мамырда немесе маусымда және қыркүйекте жекпе-жек өткізетін болса, төртіншісін желтоқсанда ұйымдастыруға мүмкіндік болады», – дейді Том Леффлер.

Айта кетейік, WBA Головкин мен америкалық Дэниел Джейкобске келесі жылға келісімшарт жасау үшін 7 күн уақыт берген болатын.

«ЭКСПО-2017» көрмесі 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Мұның алдында Мәдениет және спорт министрі Геннадий Головкиннен бөлек, Қанат Ислам мен Жанқош Тұраровтың қатысуымен де кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

 


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments