«Хабар» телеарнасы Ломаченко мен Уолтерс жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


«Хабар» телеарнасы Ломаченко мен Уолтерс жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

25 қараша 2016 ж 13:16
ФОТО: iSport.ua

27 қараша күні Астана уақытымен таңғы сағат 9-да «Хабар» телеарнасы тікелей эфирінде Василий Ломаченко мен Николас Уолтерс арасындағы екінші жартылай жеңіл салмақта WBO нұсқасындағы әлем чемпионының титулы үшін өтетін жекпе-жекті көрсетеді. Жекпе-жек АҚШ Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы «The Cosmopolitan» қонақ үйінде өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.


«Бұл кездесуді бокссүйер қауым көптен күтті, Ломаченко мен Уолтерс шаршы алаңда кездеседі. Көрермен осы жекпе-жектен ләззат алады деген ойдамын, өйткені, қарсыластар арасындағы шиеленіс өте жоғары, олардың әрқайсысы кездесуге бар күш-жігерін салып дайындалып жатыр және жеңіс үшін аянбайды», – дейді «Хабар» телеарнасының спорт продюсері Асқат Жақаев.

Василий Ломаченко – 28 жастағы украиналық кәсіпқой боксшы, екі дүркін олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы. 2013 жылы The Ring бокс журналы оны болашағынан үміт күттіретін боксшы деп таныды. Лақап аты – Hi-tech.

«Бұл жекпе-жек мен үшін өте қызықты болмақ. Менің Уолтерсті тоқтатуға жоспарым дайын. Жанкүйерлерім үшін жақсы шоу көрсетуге тырысамын», – дейді В.Ломаченко.

Николас Уолтерс – 30 жастағы ямайкалық кәсіпқой боксшы, WBA super, WBA нұсқасында әлем чемпионы. Лақап аты – Axe Man (ағылшын тілінен аударғанда «Отыншы»).

«Ломаченко жақсы және рингте қалай жұмыс істеу керек екенін біледі. Бірақ, мен үнемі өз қарсыласымды нокаутқа жіберудің мүмкіндігін іздеймін. Оны да нокаутпен жеңбекшімін, ол ұзақ шыдай алмайды», – дейді Николас.


comments powered by HyperComments