Сейділда Байшақов ҚФФ президенті қызметіне тағайындалды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 332.68
EUR 389.4
CNY 49.85
RUB 5.6


Сейділда Байшақов ҚФФ президенті қызметіне тағайындалды

28 қараша 2016 ж 12:38
ФОТО: Sportsffa.kz

Қазақстан футбол федерациясының перзиденті қызметін ардагер футболшы Сейділда Байшақов атқарады. Бұл жөнінде бүгін өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz.


Сейділда Икрамұлы Байшақов 1950 жылы 28 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ дене шынықтыру және спорт институтын тамамдаған, футболшы.

«Қайрат» футбол командасында және КСРО ұлттық құрама командасында ойнады.

«Қайрат» Футбол клубы» АҚ вице-президенті, Қазақстан Республикасының мини-футбол Қауымдастығының президенті, Дене шынықтыру және спорт клубы төрағалық комитетінің төрағасы, Дене шынықтыру және спорт клубының вице-президенті, Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдерге арналған футболының жетекші маманы қызметтерін атқарған. 2007 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды.


Қатысты жаңалықтар:
Loading...