Спорт комментаторларын іріктеудің екінші кезеңі басталды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 323.13
EUR 367.08
CNY 47.53
RUB 5.43


Спорт комментаторларын іріктеудің екінші кезеңі басталды

24 қараша 2016 ж 11:10
ФОТО: kazsport.kaztrk.kz

«Kazsport» телеарнасындағы спорт комментаторларына жариялаған кастингтің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz. Кастингтің мақсаты – спорттың бір немесе бірнеше түрін жетік меңгерген комментаторлар қатарын жаңа есімдермен толықтыру.


2016 жылдың 17 қарашасы күні сағат 20:00-ге дейін телеарнаның электронды поштасына 193 өтінім түсті. Шарт бойынша байқауға жасы 18-ден асқан, бір немесе бірнеше спорт түрін жетік меңгерген азаматтар қатыса алатын. Қабылданған 193 өтінімнің 62-сі еліміздің басқа қалаларынан жолданған. Дені Алматы қаласы мен Алматы облысының өкілдерінен. Түйіндемелері талапқа сай толтырылмаған, хаттары «мен кастингке қатысқым келеді» деген бір ауыз сөзбен шектелген, мектепті әлі аяқтамаған 48 өтініш иесінің кандидатуралары қарастырылған жоқ.

Мұқият іріктеуден өткен 83 үміткерге шақырту жіберілді. Кастингке шақыру алғандар арасында 62 адам Астанаға келіп, комментаторлық шеберлігін байқап көруге келісім берді.

19 қараша күні өткізілген кастингке 41 адам қатысты. 20 қараша күні тағы 21 адам бағын сынады. Екінші кезеңге өткен үміткерлердің саны – 10.

Іріктелгендердің бесеуі футбол комментаторлығын таңдаса (2-еуі қазақ, 3-еуі орыс тілінде), екі үміткер қыз таеквондо трансляциясын қазақ тілінде жүргізіп біліктіліктерін дәлелдеді. Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлей алатын ережесіз жекпе-жектің екі кәсіби шебері өздерінен жақсы комментатор шығатынын байқатты. Хоккей жанкүйерлері де жақын күндері қазақ тілінде репортаж жүргізе алатын жаңа комментатормен танысады деген ойдамыз.

Кастингтің екінші кезеңі басталып кетті. Қараша айының соңына дейін іріктеліп алынған үміткерлер тағы бірнеше сынаққа қатыспақ. Желтоқсан айының басында үздік шыққандар «Kazsport» телеарнасында комментаторлық жұмысқа кіріседі.

Айта кету керек, Астанадағы кастинг мәресіне жеткеннен кейін, келесі іріктеу желтоқсан айында Алматы қаласында өткізіледі.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments