Универсиада алауын алып жүретіндерді іріктеудің қорытынды кезеңі басталды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Универсиада алауын алып жүретіндерді іріктеудің қорытынды кезеңі басталды

23 қараша 2016 ж 10:16 , Алматы облысы
ФОТО: almaty2017.com

Бүгін Алматы қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ойындарының Эстафета алауын алып жүрушілерді іріктеудің қорытынды кезеңі басталды, шара 16 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды BNews.kz.


Еске сала кетейік, алауды алып жүруге 17-28 жас аралығындағы ғылым, мәдениет және спорт салаларында жетістікке жеткен студенттер қатыса алады.

Іріктеудің бірінші кезеңі 1 қыркүйекте басталды және республиканың барлық жоғары оқу орындарын қамтыды. Университеттер өз өтініштерін ішкі байқау қорытындысы бойынша тапсырды. Екінші кезеңде рәсімдерге облыс орталықтарында эстафета өткізумен айналысатын өңірлік штабтар қосылды. Штабтардың міндеті – алауды алып жүрушілерді іріктеудің жалпы жұмыс барысын бақылап, байқау кезінде шынымен де маңызды үміткерлерді жіберіп алмау. Бұдан өзге, екінші кезең аясында жұлдызды қатысушылардың – алдағы өткен Универсиадалардың жеңімпаздары, спорт, ғылым, мәдениет жұлдыздарының құрамы анықталды.

Үшінші кезеңде www.torchrelay.kz сайтында әр ниет білдірген адам сауалнаманы толтырып, алауды алып жүрушілер мәртебесінде алау эстафетасына қатысуға өтінім бере алады. Осылайша, қалған бос орындарды толтыру жоспарланған. Ұйымдастырушылар осы кезеңде бірінші алауды алып жүруші Дмитрий Баландин сияқты белгілі болмаса да, жетістіктері бар студенттердің жаңа есімдерін тарту мүмкін болатынын айтты. Бұл оқиғалар да қызықтырып, қазақстандық жастарды жаңа жетістіктерге ынталандырады. Мысалы, 7-ші Азия ойындары аясындағы эстафетада өзенде батып бара жатқан баланы құтқарып қалған Қостанай облысының дене шынықтыру мұғалімі қаһарман болған болатын. Бұл спорттың бір адамның өмірін өзгертіп қана қоймай, басқа адамның өмірін құтқара алатынын дәлелдейтін көптеген мысалдардың бірі.

Алауды алып жүрушілерді іріктеу 16 желтоқсанда аяқталады. Республикалық комиссия бекіткеннен кейін тізім www.torchrelay.kz сайтында жарияланады.

Алау эстафетасы 25 қаңтарда Астана қаласында басталады. Алау жағудың жеке салтанаты және эстафетаның өз кезеңі әр облыс орталығында өтеді. Содан кейін өз алауларын Универсиаданың ашылу салтанатында қосу үшін 16 алауды алып жүруші Алауды Алматыға жеткізеді. Барлығы 1 000 алауды алып жүруші іріктеледі: облыс орталықтарында және Астана қаласында 60-тан, студенттік ойындар астанасынан 100 адам қатысады.


comments powered by HyperComments