«Ұйымдасқан қылмыстық топтың» 12 мүшесі тергеу изоляторына қамалды

«Ұйымдасқан қылмыстық топтың» 12 мүшесі тергеу изоляторына қамалды

12 желтоқсан, 17:27 384 Ақтөбе облысы
«Ұйымдасқан қылмыстық топтың» 12 мүшесі тергеу изоляторына қамалды

Ақтөбеде 7 желтоқсан күні мұнай ұрлады, заңсыз мұнай тасымалдады деген күдіктеп ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау операциясы өткен болатын. Қазіргі уақытта күдіктілерді бұлтартпау шарасы қолданылды. №2 қалалық сотына 12 күдіктіні тергеу изоляторына қамау өтініші түсіп, судья өтінішті түгел қанағаттандырды. Олар тергеу аяқталғанша қамауда отырады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«№2 Ақтөбе қалалық сотына арнайы операция кезінде ұсталған күдіктілер Б.Батыров, Н.Қазкенов, С. Дүсіпов, Е.Еркетаев, А.Амитов, Ж.Ильясов, А.Қалиев, А.Сәрсенов, Н.Қайырбаев, В.Ақсақов , А.Сарамбетов, Е.Ізбасарға бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш түсті. Оларға «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» және «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу» бабы бойынша айып табығылып отыр. Қазіргі уақытта 12 күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды»,- деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова. Айта кетейік, қоғамдық қауіпсіздік үшін өтініш туралы материалдың кейбірі Ақтөбе қаласындағы уақытша тергеу изоляторында өтті.

Еске салсақ, мұнай ұрлады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікпен 7 желтоқсан ұсталған топтың алғашқы мүшелеріне бүгін бұлтартпау шарасы қолданылды. Прокурорлар бұған дейін мұнай тасымалдаған 47 жастағы Бауыржан Батыров пен 41 жастағы Нұрлан Қазкеновке қатысты бұлтартпау шарасы қолдану туралы өтініш жазды. Судья Зинаида Шмирова кеңесу бөлмесіне кіріп кетіп, 1 сағаттан соң екі күдіктіні 2 айға тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарды. Бұған дейін мұнай сатып, сатып алып, тасымалдаған күдікті Бауыржан Батыров Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туған. Әйелі, үш баласы бар. Бұрын сотталмаған. Қазіргі уақытта ол пәтер жалдап, қалада тұрады екен. Күдіктінің тұрақты мекені жоқ.

Ал Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылының тұрғыны Нұрлан Қазкенов 41 жаста. Оның әйелі, 5 баласы бар. Орта білімді. Жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді.

«Олар Ақтөбе облысы аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз шығару немесе тасымалдаумен жүйелі түрде айналысқан. Қазкенов пен Батыров 2016 жылдың 29-30 қараша күндері басқа да анықталмаған тұлғалардың көмегімен Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық поселкесінде бір кубы 35 мың теңгеден 40 куб көлеміндегі аса ірі мөлшерде болып табылатын, шығару заңдылығын растайтын құжатсыз мұнай өнімдерін КаМАЗ және МАЗ маркалы автокөліктермен тасымалдап, Мирал есімді тұлғаға сатқандығы анықталды. Қазкенов және Батыров ҚР Қылмыстық кодекстінің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» және «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу» бабы бойынша айып табығылып отыр»,- деді прокурор Бауыржан Шоқпаров.

Прокурор екі күдікті қасақана қылмыс жасаған, егер бостандыққа шықса тергеуге кедергі келтіреді деп күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандыруды сұрады.

«Мен тағылған айыппен келіспеймін. Мұның бәрі жалған. Бұлтартпау шарасына келер болсар, мені тергеу изоляторына қамамауды сұраймын. 5 балам бар. Үлкені 16, кішкентайы 2 жаста»,- деді күдікті Қазкенов. Ал күдікті Батыров такси қызметін көрсетіп, бала-шағасын асырап отырғандарын айтты.

Айта кетейік, мұнай ұрлығына қатысты ұйымдасқан қылмыстық істе құқық қорғаушылар мен мемлекеттік орган қызметкерлері де бар.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»