«Нұр Отан» партиясының XV съезі 18 қазанда өтеді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 311.2
EUR 347.77
CNY 45.17
RUB 5.52


«Нұр Отан» партиясының XV съезі 18 қазанда өтеді

Айымгүл ӘБІЛЕВА, 21 тамыз 2013 ж 12:39 , Астана

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XV съезі 2013 жылдың 18 қазанында өтеді. Бұл жөнінде бүгін журналистерге партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


«Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында негізгі даму бағыттарын жариялады. Жыл басынан бастап партия төрағасының тапсырмасы бойынша, аймақтарда депутаттармен бірлесе отырып, арнайы құрылған жұмыс тобы партия доктринасының жобасын әзірледі. Бұл құжат партияның ата заңы деп айтсақ болады. Доктринада партияның негізгі құндылықтары айқындалған», - деді Бауыржан Байбек.

Оның мәлім етуінше, Елбасы партияның он бесінші съезі биыл 18 қазанда өтетіндігі туралы қаулыға қол қойды.

«Жалпы, осы съезге дайындық барысында келесі аптада доктринаның жобасы партиялық газеттерде, электрондық сайтта жария етіледі. Содан кейін біздің жоспарымыз бойынша, доктрина жобасы көпшіліктің арасында талқыланып, осы съездің қарауына ұсынылатын болады», - деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments