BNews.kz - Тұлға - Алтынсарин Ыбырай
манифест каз
Наверх

Астана
USD 336.48
EUR 376.15
CNY 51.34
RUB 5.03


Алтынсарин Ыбырай

30.11.-0001 12:00

Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.
Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді. Сондықтан оқушылар патшаның отаршылдық саясаты рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ жасынан-ақ зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйусіне қанағаттанбайды, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің – В.Шекспирдің, И.Гетенің, Д.Байронның, А.Пушкиннің, Н.Гогольдің, М.Лермоновтің, И.Крыловтың, Ә.Фирдаусидің, І.Низамидің, Ә.Науаидің тағы басқалардың шығармаларын өздігінен оқыды.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мекткпті «өте жақсы» деген бағамен бітірді. Содан кейін ол екі жылдай өз елінде тілмаш болды. 1859 жылы Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып аусады. Сол жерде шекаралық комиссияның председателі, белгілі шығыс зерттеушісі, ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сылайтын Григорьев Ыбырайға аса ылтипатпен қарап, қзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Оның кітапханасынан әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі туралы кітаптарды көп оқыған.
Алтынсарин өз халқын жоғары бағалған, оны жантәнімен сүйген, оның патриоты болған. Ильминскийге жазған бір хатында «Қазақ даласын үш жыл аралағанда қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту  бастықтардың ойына кіріп шыңпайды. Бекінңстерде училищелер салудан гөрі үйінің, онсыз да қып-қызыл шатырын сырлауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды», - деп жазды.
1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тәләнен мұғалім етіп тағайындайды. Осындан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралы қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады.
Ыбрайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.
Алтынсарин өзінің ардақты борышы – балаларды оқыту деп түсінді. «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»,- деп жазды ол. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысына Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің Я. А. Каменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тағы басұалардың гуманистіқ идеяларын басшылыққа алады.
Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Өзі де қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.
Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.
Алтынсарин - әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы, әрі аудармашы және публицист. Әдебиет саласандағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы қайтыс болды. «Оренбургский листок» газетінде берілген некрологта оның орыс достары «Ыбырай Алтынсарин өазаө арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты және Россияны сүюге шақырды» - деп жазды. Бұл Алтынсариннің еңбегіне берілген зор баға. Бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Өлеңдері

ЗАЛЫМ ТӨРЕГЕ

Тақсыр- тақсыр дегізіп тамсандырдың,
Сөйтіп жүріп аяққа қан салдырдың,
Жан жүрмейтін ісіме жан алғыздың,
Ақырында, малымнан көп қалғыздың.

Оразаның түбіне мақсым жетер,
Азған елдің түбіне тақсыр жетер.
Әділдіктен хан тайса, наным кетер,
Жылай- жылай жарлының малы кетер.

Ай, тақсыр, бұл дүние өтер, кетер,
Мал иесі де артыңнан қуып жетер.
Жарлылар да бір табар әділ қазы,
Таразалы күн болса, арыз етер!..

ӨЗЕН

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қойнында тілсіз тұрған тоғайлар
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...

Он мың мал айдап өтсең де лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.

Ел қыстап күн көреді жаныбында,
Дәм болар алуан- алуан болығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да, аққан өзен қалыбында.
Құдіретін «құдайымның» көресіңбе,
Не жеміс өсер өзен дөңесінде...
Арыстан демалуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар денесінде...

ЖАЗ

Сәуірде көтерілер рақмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы!..
Аспаннан рақымменен күн төнгенде,
Қуанып қыбырлайды жердің жүзі.
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша,
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Таң атса, күн шығады мұнарланып,
Жаңбырлы бұлт шығар тұманданып,
Адамзат нұр ауасын судан жұтар,
Шөл тартқан айуандарша құмарланып.
Жетпеген үлкендікке жас балалар
Жүгіріп ойдан қырға жұмарланып.
Сәуірде неше түрлі жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.
Көкпеңбек жердің жүзі шалғын болып,
Адамзат рақаттанып бауырын төсер...
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен...
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан- алуан.
Күлісіп, құшақтасып әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.
Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда!...
Көл бұзылып, көк шығып, қойын ашса,
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады,
Тасиды күркіресіп өзен мен сай.
Аяғын алшаң басып түйе шығар,
Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай.
Кеш болса, күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып...
Қырда орман, жер жүзінде бәйшешектер
Шуылдап шүкір етер мұның бәрі!

Өнер-білім бар жұрттар

Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға тусірді;
Отынсыз тамақ пісірді
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар –
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенге таңықтай.
Біз де бекер жатпалық
Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкелдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай.
Ұмтылыңыз қалыспай!
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
«Өнер – жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!

Кел, балалар, оқылық!

Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңан
Іздемей-ақ табылар.

Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Мал-дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы
Күннен-күнге көп болар
Еш жұтамақ жоқ болар.

Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-бөлім – бәрі де
Оқуменен табылған.

Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!


по