11 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 31,8 %-ға өсті – Б.Сұлтанов
mod kz

11 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 31,8 %-ға өсті – Б.Сұлтанов

20 желтоқсан, 10:50 160 Астана
11 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 31,8 %-ға өсті – Б.Сұлтанов

Биылғы жылдың 11 айында өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 31,8 %-ға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

 
 
 
«Қазірдің өзінде Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының сомасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,5 трлн. теңгеге артық төленді. Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қыркүйек айынан бастап, нақтыланған бюджеттің іс-шаралар мониторингін жүргізді. Апта сайын бюджетті игеру мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдармен селекторлық кеңестер өткізілді. Осы шаралардың арқасында өткен жылдың көрсеткіштерін салыстырғанда игеру қарқыны анағұрлым жақсы. Мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн. теңге сомасында кірістер (трансферттерді қоспағанда) түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша асыра орындау сомасы 396 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша 255 млрд. теңгені және жергілікті бюджет бойынша 141 млрд. теңгені құрады», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 11 айында өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 31,8 %-ке (1 398 млрд. теңгеге), республикалық бюджеттің кірістері 41,1 %-ке (1 195 млрд. теңгеге) және жергілікті бюджеттің кірістері 13,6 %-ке (203 млрд. теңгеге) өскен.

«Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 107,3 %-ға, республикалық бюджеттікі – 106,6 %-ке және жергілікті бюджеттікі – 109,1%-ға атқарылды. Жылдың қорытындысы бойынша шамамен 250-300 млрд. теңгеге салық түсімдерін айтарлықтай асыра орындау күтілуде. Мұның өзі бізге Ұлттық қордан кепiлдендірiлген трансфертті тартпауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, кірістер 100 %-дан шамалы ғана көбірек атқарылатын болады. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары шамамен 9 трлн. теңгеге жетіп, 20 %-ға өсті. Өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда игеру қарқыны анағұрлым жақсы. Мемлекеттік бюджет бойынша игеру өткен жылмен салыстырғанда 0,5 %-ға, республикалық деңгейде 1,5 %-ға жақсы атқарылды. Бірақ жергілікті бюджеттер бойынша игеру өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда 0,5 %-ға нашар болды», - дейді қаржы министрі.
тақырыпты жалғастыруға «Үкімет отырысы»