«25 ел велосипедпен – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған велосаяхаттың қорытындысы

«25 ел велосипедпен – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған велосаяхаттың қорытындысы

22 желтоқсан, 14:12 233 Астана
«25 ел велосипедпен – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған велосаяхаттың қорытындысы

Орталық коммуникациялар қызметінде «25 ел велосипедпен - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған велосаяхаттың қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

 

Іс-шараға экспедиция басшысы Дархан Бердалиев және велосипед жарысына қатысушылар Талғат Жұмабеков, Асқар Сызбаев қатысты.

Жобаның қатысушылары велосипедпен 9905 шақырым жолды жүріп өтіп, 25 елге барды. Олардың қатарында Ресей, Әзірбайжан, Иран, Грузия, Түркия, Греция, Болгария, Венгрия, Албания, Косово, Македония, Хорватия, Словения, Сербия, Черногория, Словакия, Чехия, Австрия, Германия, Италия, Монако, Франция, Андорра, Испания елдері бар. Бұл велосаяхат әлемді велосипедпен жүріп көруге болатындығын, қазақстандықтардың ашық жайдары екендігін әлемге көрсетуді, Еуразия жүрегінде орналасқан жас ел туралы қалалар мен елдерге айта отырып, интеграцияға дайын екендігін дәлелдеді.

Экспедиция 24 тамызда Атырау қаласынан бастау алды және 10 желтоқсанда Барселонада аяқталды.

Саяхаттың мақсаты: Әлемге Тәуелсіз Қазақстанның брендтері болып табылатын бірлік пен келісім, төзімділік пен ашықтық қағидаттары құндылықтарын дәріптеу.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»