Айдын Рақымбаев: Банктер ипотека беруге мүдделі емес
mod kz

Айдын Рақымбаев: Банктер ипотека беруге мүдделі емес

12 желтоқсан, 12:23 405 Астана

Қазіргі уақытта банктер ипотека беруге мүдделі емес. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасында банктерді ынталандыратын тетіктер алынып тасталған. Бұл туралы тұрғын үй құрылысы бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланып жатқан үкімет отырысына Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Айдын Рақымбаев айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Бүгінгі күні ипотекалық қарыздың үлесі бар болғаны 8 пайызды құрайды. Оның үлкен бөлігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» тиесілі. Ал ипотеканы 1-2 екінші деңгейдегі банк қана береді. Бұл жерде Ресейдің оң тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Көрші елде ипотекалық кредит үлесі айтарлықтай жоғары, ал ипотеканы өтемеу мөлшері 5 пайыздан төмен. Бағдарламаның алдыңғы редакциясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат есебінен банктерді қорландыру тетіктері қарастырылған болатын. Бірақ бұл тетіктер Ұлттық банктің ескертулерінен кейін алынып тасталды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта банктер жай да ипотека беруге мүдделі емес», - дейді А.Рақымбаев.

Оның айтуынша, банктердің ұзақ мерзімге берілетін арзан ақшасы болмағандықтан, бағдарламада ұсынылып отырған шараларды жаппай қолданысқа енгізу мүмкін болмайды.

«Қарастырылған қаражат есебінен нарықта қандай бір қозғалыс болады, бірақ ол жаппай мәнге ие болмайды», - деді ол.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап халыққа 17 пайызбен берілетін екінші деңгейдегі банктердің ипотекасын субсидиялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 10 пайызды құрайтын болады.   

тақырыпты жалғастыруға «Нұрлы жер бағдарламасы»