Ақмола облысында ана өлімі деректері тіркелмеген
mod kz

Ақмола облысында ана өлімі деректері тіркелмеген

17 ақпан, 12:15 270 Ақмола облысы
Ақмола облысында ана өлімі деректері тіркелмеген

Статистикалық деректерге сәйкес, Ақмола облысында ана өлімі бойынша дерек тіркелмеген. Бұл туралы халықпен есептік кездесу барысында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

 

Өткен жылдар кесіндісінде өңірде екі және одан да көп ана өлімі жағдайы тіркелген. 2015 жылы – 3 жағдай, 2014  жылы- 2 жағдай тіркелген. 2016 жылы ана өліміне жол берілмеген және бұл Ақмола облысы денгсаулық сақтау басқармасының үлкен жетістігі. Өңір басшысы баяндамаларында ана мен баланы қорғау  – еліміздің денсаулық сақтау саласында жүргізілетін әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін бірнеше мәрте атап айтқан болатын. 

Сергей Витальевич сәби өлімінің 24 %-ға, туберкулезбен науқастану 2,9%-ға төмендегенін айтты.

Жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысында жақсы нәтижеге қол жеткізілді. 2016 жылы облыста 8 медициналық мекеме қолданысқа берілді. Бұл емхана және ауруханалар аудан орталықтарында, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшер-акушерлік пункттер ауылдық елдімекендер орналасқан. Аймақтың 28 медициналық мекемесіне күрделі жөндеу жүргізілді.

тақырыпты жалғастыруға «Ақмола облысы»