Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік наградалар табысталды

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік наградалар табысталды

14 желтоқсан, 10:15 208 Ақмола облысы
Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік наградалар табысталды

Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Фото: автор

Мерекелік шарада облыс әкімі Сергей Кулагин өңір жұртшылығын мемлекетіміздің басты мерекесі – Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Біздің тәуелсіздігіміз бұл тек қоғамдық-саяси қайта құру емес, бұл – елеулі деңгейде әрқайсысымыздың толысуымыз, өмірлік құндылықтарды, тіптен өмірдің өз мәнін саналы түрде қайта парақтау. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ Елбасы әлеуметтік өзгерістердің халық үшін, халық қолдауымен ғана іске асырылатынын атап келеді. Елімізде жүргізіліп келе жатқан реформалар өңірімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуға жаңаша серпін берді. Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылу үстінде, өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіп кешенінде және өзге де салаларда ірі жобалар іске қосылып жатыр. Дегенмен бүгінгі күні Мемлекет басшысы индустриалдық-инновациялық даму және әлеуметтік жаңғырту бойынша бұрынғыдан да ауқымды міндеттерді алға қойып отыр. Оларды жемісті жүзеге асыру Қазақстанның әлемнің барынша дамыған мемлекеттері қатарына кіруін қамтамасыз ететін болады, – деді облыс әкімі. 

Фото: автор

Жиын барысында мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбегі, елінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін 73 ақмолалық мемлекеттік наградаларға ие болды. Өңір басшысы бір топ өңір азаматтары мен азаматшаларына «ІІІ Дәрежелі Барыс», «ІІ дәрежелі Достық» ордендерін және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарын тапсырды. Марапатталғандардың арасында өнеркәсіптік және  ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарының қызметкерлері,  мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мәкемелерінің,    мемлекеттік  қызметкерлер,  еңбек адамдары бар.

«Бізді қоршап отырғанның бәрі әрбір адамның күнделікті, кейде көзге  байқалмайтын, бірақ өте маңызды және орнын ауыстыруға болмайтын еңбегінің жемісі. Мереке қарсаңында халық пен мемлекет игілігі үшін еңбек еткен және жұмыс істеп отырған барлық адамдарға үлкен алғысымызды білдіріп, құрмет көрсету мүмкіндігіне ие болып отырмыз», – деді өңір басшысы.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.

Фото: автор

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «марапаттау»