Ақтөбе облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі күні 59 сәби өмірге келді
mod kz

Ақтөбе облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі күні 59 сәби өмірге келді

20 желтоқсан, 10:36 453 Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі күні 59 сәби өмірге келді

16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы күні Ақтөбе облысының перзентханаларында 59 сәби өмірге келді. Оның 38-і – ұл, 21-і – қыз бала. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев перзентханада жатқан 12 ананы құттықтап, сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz.

 

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы сәйкес Қазақстанда демографиялық ахуалды жақсарту үшін барлық жағдай жасалып отыр. Медицина саласы дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Елімізде бала туу көрсеткіші жақсы, халықтың өсімі жоғарылап келеді. Тұрғындар санының табиғи өсімін арттыру үшін 2017 жылы облыстық балалар ауруханасының қасында құны 10 млрд теңге болатын заманауи перинаталды орталық ашылады, – деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы, сондай-ақ, облыстың ең түкпірінде тұратын әйелдерден бастап барлық жүкті әйелдердің денсаулығы туралы ақпарат жазылған бірыңғай мәліметтер базасын құру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Орталықтандырылған база әйелдерге көмек көрсету туралы немесе аудандық, облыстық деңгейдегі арнаулы медициналық мекемелерге апару қажеттігі туралы жедел шешім қабылдауға ықпалын тигізуі тиіс.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста халықтың өсімі көрсеткіші қалыпты. Перзентханалар мен босану бөлімдерінде күніге 70-80 сәби өмірге келеді, ал жылына 19-20 мың отбасы балалы болады. Сарапшылардың пікірінше, демографиялық ахуалдың жақсаруына көп жағдайда денсаулық сақтау саласын барынша қаржыландыру және аймақтағы перинаталдық көмектің деңгейін арттыру ықпал етіп отыр. 25 жылда Тәуелсіз Қазақстанның медицина саласы жаңа деңгейге көтерілді, жоғары жетістіктерге жетті. Біздің дәрігерлер 500 грамм болып өмірге келген сәбилерді аман алып қалуға қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында туу көрсеткіші 67,7 пайызға көбейген, халық саны – 15 пайызға, өмір сүру жасы 72 жылға артты.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала тууға қатысты берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 20 пайызға көбейеді. Ана мен баланы қорғауға арналған шаралардың жоғары деңгейде жүргізілуі, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсаруы отбасыларға ұрпақ жалғастыру туралы шешімді сенімді түрде қабылдауға септігін тигізіп отыр. 1991 жылдан бастап мемлекеттік қазына есебінен облыста жалпы алаңы 61 млн. шаршы метр болатын 55 мың пәтер, 113 мектеп, 487 мектепке дейінгі мекеме, 700 спорт мекемесі, 122 денсаулық сақтау нысаны, 1000 шақырымнан астам автокөлік жолы салынды. 2016 жылы облыстағы барлық аудан орталықтарын газдандыру мәселесі толық шешілді.

 

тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»