Ақтөбеде ұялы телефон жарылып, 28 жастағы қыздың денесін күйік шалды
mod kz

Ақтөбеде ұялы телефон жарылып, 28 жастағы қыздың денесін күйік шалды

20 желтоқсан, 17:45 754 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде ұялы телефон жарылып, 28 жастағы қыздың денесін күйік шалды

Ақтөбеде ұялы телефон жарылып, 28 жастағы қыздың денесін күйік шалды. Қазір науқас облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 

Ұялы телефон адамның ажырамас серігіне айналып үлгерді. Бірақ, техниканың зияны көп. Ақтөбеде 28 жастағы қыз телефонын қуаттау үшін тоққа қосып, өзі ұйықтап кеткен. Тіпті, телефонын жастығының астына салып жатқан.

«Бірер күн бұрын түнгі сағат 2-де Ақтөбе қаласының Оңтүстік-Батыс ауданының тұрғындары көмек сұрады. Олардың айтуынша, қуаттауға қойылған телефон жарылып кеткен. 28 жастағы науқас денесінің 60 пайызын күйік шалған», - дейді Ақтөбе қалалық жедел жәрдембекеті бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дастан Неталиева.

Телефонын қуаттауға қойып, өзі ұйықтап кеткен науқастың беті, қолы, денесін күйік шалған. Өміріне ешқандай қауіп жоқ, есін біледі.

«Жағдайы жақсы. Науқастың беті, қолы, аяғы күйген. Оған тиісінше көмекті жасап жатырмыз. Науқас есін біледі, бірақ, орташа дәрежелі күйігі бар», - дейді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.   

Айта кетейік, Ақтөбеде телефоннан зардап шеккен оқиға бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін қалада бір үй өртеніп, күлге айналған болатын. көлік үшін жолақтар бөлінді, деп

тақырыпты жалғастыруға «»