Алматыда биатлоннан ел чемпионаты өтеді
mod kz

Алматыда биатлоннан ел чемпионаты өтеді

21 желтоқсан, 15:53 215 Алматы
Алматыда биатлоннан ел чемпионаты өтеді

2017 жылы Алатау баурайында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың жалауы желбірейді. Осыған орай, «Алатау» шаңғы –биатлон кешенінде желтоқсанның 23-і мен 27-і аралығында ерлер мен жасөспірімдер және қыздар арасында шанғы жарыстары мен биатлоннан ҚР ашық Кубогы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Жарыстың ұйымдастырушылары: Алматы қаласының Дене шынықтыру және Спорт басқармасы, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы, ҚР шаңғы жарысы Ұлттық Федерациясы және 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада дирекциясы. Жарыс жолына еліміздің 10 аймағынан жиналған спортшылар шығады:

- Ақтөбе облысы

- Алматы облысы

- Алматы

- Астана

- Шығыс- Қазақстан облысы

- Батыс-Казақстан облысы

- Қарағанды облысы

- Қостанай облысы

- Павлодар облысы

- Солтүстік Қазақстан облысы

Жарыс Халықаралық Шаңғы Федерациясының (FIS) күн тәртібіне енгізілген. Елішілік жарысытың басты мақсаты қаңтар айында Алатау баурайында алауы тұтылатын қысқы студенттік ойындары қарсаңында барлық функционалдық бағыттарды тексеру.

Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Алматы облысы

Биатлон бойынша жарыс кестесі:

 

24 желтоқсан

10:30 – 12:30 Спринт 10 км ерлер

13:30 – 15:00 Спринт 7,5 км әйелдер

15:00 - баспасөз мәслихаты

 

25 желтоқсан:

11:00 – 12:30 Ізге түсу жарысы (пасьют) 12,5 км ерлер

13:30 – 14:30 Ізге түсу жарысы (пасьют) 10 км әйелдер

27 желтоқсан:

11:00 – 12:30 Аралас эстафета 2х6км әйелдер & 2х7,5км ерлер

 

Шаңғы жарыстарының кестесі:

 

23 желтоқсан:

11:00 – 12:00 Жеке сайыс 5км әйелдер (классикалық)

12:00 – 13:30 Жеке сайыс 10 км әйелдер (классикалық)

 

24 желтоқсан:

10:00 – 11:00 Ізге түсу жарысы (пасьют) 5 км әйелдер (еркін стиль)

11:00 – 12:00 Ізге түсу жарысы (пасьют) 10 км ерлер (еркін стиль)

15:00 - баспасөз мәслихаты

 

26 желтоқсан:

Спринт ерлер және әйелдер (классикалық)

10:00 – 11:00 Іріктеу кезеңі

12:00 – 13:30 Ақтық бәсекелер

тақырыпты жалғастыруға «Алматы»