Алматыда Орта Азия аймағында Паралимпиадалық қозғалысты дамытуға байланысты кездесу өтті
mod kz

Алматыда Орта Азия аймағында Паралимпиадалық қозғалысты дамытуға байланысты кездесу өтті

17 ақпан, 19:36 495 Алматы
Алматыда Орта Азия аймағында Паралимпиадалық қозғалысты дамытуға байланысты кездесу өтті

Бүгін оңтүстік астанада «Ұлттық Паралимпиадалық комитет ұйымдарының мүмкіндіктерін дамыту бағдарламасы» атты ұйымдастырушылықты дамыту бағдарламасы жөнінде кеңес өтті. Жиынға Орталық Азиядан Иран, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның ҰПК басшылары қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Кездесудің мақсаты – ҰПК-ның Орталық Азия аймағындағы Паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастығын дамыту туралы келісімін іске асыру, сондай-ақ өзге елдегі паралимпиадалық спортты дамыту мен оны нығайтудағы ұйымдастырушылықты үйрену, серіктестікті нығайту. Айта кетейік, Азия паралимпиадалық комитетінің жақында өткізген сайлауында Азиялық паралимпиадалық комитеттің атқарушы комитетінде Орталық Азия өкілі ретінде Қазақстан өкілі таңдалды. Аталған факті Орталық Азияның 6 елімен бірлесе отырып, паралимпиадалық спортты жаңа деңгейге көтере алады.

«Біздің аймағымыз басқа аймақтар мен елдерге паралимпиадалық комитетті өзара қарым-қатынас арқылы дамыта отырып, әр елде паралимпиадалық потенциалды көтере алатындай үлгі болу керек. Біздің елдеріміздің тарихы мен мәдениеті ұқсас. Ортақ тарихымыз бір-бірімізді жақсы түсінуге және Пхенгчханг-2018 бен Токио-2020-дағы жеңіске бірге ұмтылуға мүмкіндік береді», - деді ҰПК Президенті Қайрат Боранбаев.

тақырыпты жалғастыруға «»