«Алтын тобылғы» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды
mod kz

«Алтын тобылғы» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

09 желтоқсан, 15:31 245 Астана

Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Алтын тобылғы» жүлдесінің лауреаттарын марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz

«Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесі –18 жастан 35 жасқа дейінгі жас қазақстандық авторлардың шығармашылық потенциалын іске асыруға арналған жоба. Жүлде алу үшін өтінімдер 2016 жылғы шілдеден бастап қабылдана бастады. Барлығы 110-ден астам әдебиет шығармасы қабылданды, әділқазылар алқасы 6 үздік шығарманы іріктеді.

«Алтын тобылғы» жүлдесінің ұйымдастырушысы және құрылтайшысы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры. Жобаның әріптестері – Қазақстан Жазушылар Одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

«Алтын Тобылғы» жүлдесі: «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балалар әдебиеті» атты төрт номинация бойынша үздік көркем шығармалар үшін беріледі. 1 миллион теңге сомасында жүлде алғандар:

• «Үздік проза» - Алмас Нүсіп Жақыпақын, «Аға» деген шығармасы үшін.

• «Үздік драматургия» - Байбол Әлібек Уәлиханұлы,  «Адам туралы аңыз...» атты шығармасы үшін.

• «Үздік балалар шығармасы» - Серікбол Хасан, «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбы бойынша.

«Жылдың үздік поэзиясы» (2 лауреат)

- Бейсенов Еркеғали, «Аллажар Алаш!» шығармасы үшін.

- Олжас Қасым, «Жарылыс» шығармасы үшін.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбына арналған 1,5 миллион теңге мөлшеріндегі арнайы сыйлық алматылық Кретова Татьяна Евгеньевнаға «Қазтабан» шығармасы үшін  тағайындалды.

Ынталандыру сыйлықтары келесі номинациялар бойынша берілді:

- «Үздік проза» - Қанат Тілеуханұлы Исаевқа, «Жаназа» атты шығармасы үшін.

- «Үздік балалар шығармасы» - Алмазова Оксана Николаевнаға «Переход на новый уровень» атты шығармасы үшін.

Конкурстың құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері кірді, олардың ішінде ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Александр Тараков, қазақ ақыны, аудармашы, сценарист Бахытжан Қанапиянов және т.б. кірді.

Авторлық еңбектер мынадай критерийлер бойынша бағаланды: жанрға сәйкестігі, өзіндік ойлау қабілеті, авторлық көзқарас, әдеби-көркемдік құндылығы, идеялық ерекшелігі, баяндау жүйелілігі және мағыналылығы, қиялдау және шығармашылық тәсілдері, эмоциялық тереңдігі және эстетикалық әсер етуі.