А.Мырзахметов: Микронесие көлемі 3 млн теңгеден 16 млн теңгеге дейін ұлғаяды

А.Мырзахметов: Микронесие көлемі 3 млн теңгеден 16 млн теңгеге дейін ұлғаяды

17 ақпан, 18:34 402 Оңтүстік Қазақстан облысы
А.Мырзахметов: Микронесие көлемі 3 млн теңгеден 16 млн теңгеге дейін ұлғаяды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты басымдықтарын баяндады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Оның айтуынша, жайлы бизнес ортаны, әсіресе өңірлік деңгейдегі бизнес ортаны қалыптастыру бойынша реформалар жалғасын табуда, өйткені өңірлік деңгейде біздің бизесіміз тікелей жұмыс істейді және дамиды. Экономикада жеке сектор рөлінің басым болуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатын болады, ол бәсекелестікті дамыту және реттеу мен экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту арқылы жүзеге асады.

Атап айтқанда, Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін ашу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім ала алады немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өте алады.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «несие»