Әншілер Құран оқудан флешмоб бастады

Әншілер Құран оқудан флешмоб бастады

14 желтоқсан, 13:02 477
Әншілер Құран оқудан флешмоб бастады

Көршілес қырғыз елінің өнер жұлдыздары әлеуметтік желі арқылы тамаша флешмоб бастап отыр. Танымал тележүргізуші бастап берген игі бастамаға әншілер қауымы қызу қолдау танытып, қасиетті Құран Кәрімге қаншалықты жақын екендіктерін көрсетуде.

 

 

Солардың бірі танымал әнші Тұрдақын Ниязәлиев Құран Кәрімнің «Сафф» сүресін оқып, фейсбук желісіне видеосын жүктеген. Осылайша, ол өзіне келген кезекті мүлтіксіз атқарып, ары қарай жалғастыруды өнердегі достарына аманаттаған.

«Әншілер арасындағы Құран оқу эстафетасын қабылдап алдым. Менің ойымша, бұл бізге үлкен серпін әкелмек. Кезекті Омар Жанышовқа табыстадым. Біздерді қатты сынамаңыздар. Біз қари емеспіз ғой», – дейді Тұрдақын өзінің парақшасында.

muslim.kz
 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»