Астанада балабақшаларға электронды жолдама жүйесі енгізіледі
mod kz

Астанада балабақшаларға электронды жолдама жүйесі енгізіледі

14 желтоқсан, 12:24 205 Астана
Астанада балабақшаларға электронды жолдама жүйесі енгізіледі

2017 жылдан бастап Астананың балабақшаларына жолдамалар www.e.astana.kz порталы арқылы электронды түрде берілетін болады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, ата-аналарға үйлерінен шықпай-ақ жолдама алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде жұмыс істеуде, мемлекеттік тапсырысы бар жеке меншік балабақшаларға жолдамалар берілуде. Мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар беруге қатысты ата-аналардың байланыс мәліметтер базасын өзектендіру мәселесі пысықталуда.

Орындарды үлестіру ересек топтарды мектепке шығарып салған соң жыл сайын жүргізілетін болады.

тақырыпты жалғастыруға «»