Астанада «Қазақ елі: Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ашылды

Астанада «Қазақ елі: Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ашылды

13 желтоқсан, 18:23 199 Астана
Астанада «Қазақ елі: Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазақ елі: Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ашылды. Онда 70-астам құнды кітап қойылған, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасының меңгерушісі Толқын Дариш кітап көрмесінің ерекшелігіне тоқталды.

«Көрмеге 74 кітап қойылып отыр. Мұнда құнды кітаптарда кездеседі. Әсіресе, бұл кітаптардың басым бөлігін еліміздің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері бізге өз қолтаңбаларын қойып, бізге сыйға тартқан. Кітаптар қазақ елінің тарихынан сыр шертеді», - деді музей қызметкері.

тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»