Астананың жедел көмек көрсету қызметі дауылды ескерту жасады
mod kz

Астананың жедел көмек көрсету қызметі дауылды ескерту жасады

13 желтоқсан, 09:43 204 Астана
Астананың жедел көмек көрсету қызметі дауылды ескерту жасады

Жедел көмек көрсету қызметтері дауылды ескерту жариялады. Алдағы үш  күнде Астанада ауа температурасы төмендеп, боран соғады, деп хабарлайды Bnews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты «112 қызметі» тұрғындардан алыс сапарларға шықпауға және жолда абай болуға шақырады. Коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі жасамас үшін көліктерді жолдардың бойында қалдырмауды сұрайды. Қала көшелері мен тротуарларды тазалау жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп жатыр.

Синоптиктердің хабарлауынша, 13 желтоқсанда елордада көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында қар жауады, көктайғақ болады. Сырғыма боран соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -13...-15°С, күндіз -3...-5°С.

14 желтоқсан күні көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады, көктайғақ, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз 0...-2°С. 15 желтоқсанда елордада көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасындатады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -8...-10°С.

тақырыпты жалғастыруға «Астана»