Атырауда халықаралық талаптарға сай теннис орталығы ашылды

Атырауда халықаралық талаптарға сай теннис орталығы ашылды

16 желтоқсан, 14:11 354 Атырау облысы
Атырауда халықаралық талаптарға сай теннис орталығы ашылды

Тәуелсіздік мерекесіне орай Атырауда жаңа теннис корты іске қосылды.  Спорттық нысанда үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар. Мамандардың айтуынша, теннис корты халықаралық үлгідегі құрылыс талаптарына сай салынған. Спортшыларға енді мұнда халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік туды деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.    

Өйткені бұған дейін мұнайлы өлкеде 30 адамға арналған бір ғана теннис корты  болған.  Тапшылық салдарынан жасөспірімдер мен спортсүйер қауым тенниспен айналысу үшін алдын-ала кезекке тұратын. Ал, заман талабына сай қазіргі нысан 700 адамның спортпен еркін айналысуына жол ашты және кәсіби жаттықтырушылар тәлім беретін болады.

«Бұл нысан аймақта теннис спортының дамуына зор мүмкіндіктер береді. Өйткен,і біз осы күнге дейін облыстағы жалғыз теннис кортында 3 бірдей Қазақстан чемпионын дайындадық. Бұл 8 жылда жеткен жетістігіміз. Енді болашақ чемпиондарға жол ашық. Мынадай талапқа сай ғимаратта жаттығатын жас спортшыларымыздың жеңіске деген жігері еселей түсетіндігіне сенімдімін», - дейді ҚР Теннис федерациясының Атыраудағы филиалының директоры Вера Тихомирова.

Әлемдік деңгейдегі спорт нысанын салуға бюджеттен 1,6 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сондықтанда бұл теннис корты облыстық спорт басқармасының меншігінде болады. Спортпен шұғылданғысы келетін жасөспірімдерге енді жол ашық деп айтуға негіз бар. Өйткені, үлкен теннис қымбатқа шығатын спор  түрлерінің бірі. Ал, жаңа алаң болашақ чемпиондардың қалыптасуына мүмкіндік береді.

«Бүгінге дейін бұл спорт түрімен 135 бала ғана айналысатын. Ал, кезекте 500 жеткіншек тұрды. Енді 700 орындық теннис кортында балалар қалағанынша алаңсыз спортпен шұғылдана алады. Сонымен қатар ересектерге арналған әуесқой клуб мүшелері де қалаған уақытында алаңға келуге жағдай жасалды», - дейді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Жас спортшылардың шеберліктерін енді жоғары санатты 5 жаттықтырушы шыңдайтын болады. Өткен 8 жылда мұнайлы өлкеденің бапкерлері 3 Қазақстан чмпионын дайындады. Енді бапкерлер заман талабына сай, халықаралық деңгейде салынған теннис корты болашақ чемпиондардың санын өсуіне толық мүмкіндік береді деген сенімде.    

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»