«Бабалар аңсаған Тәуелсiздiк» көрмесi тарихи туындыларымен тәнтi еттi
mod kz

«Бабалар аңсаған Тәуелсiздiк» көрмесi тарихи туындыларымен тәнтi еттi

14 желтоқсан, 18:50 213 Астана
«Бабалар аңсаған Тәуелсiздiк» көрмесi тарихи туындыларымен тәнтi еттi

Бүгiн Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттiк өнер музейi мен ҚР Ұлттық музейi Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған «Бабалар аңсаған Тәуелсiздiк» атты республикалық көрме-конкурсына келiп түскен туындыларды көпшiлiк назарына ұсынды, деп хабарлайды деп хабарлайды BNews.kz.

 

Бүгiнгi шарада аталған конкурс жеңiмпаздары марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. ҚР Ұлттық музейiнiң директоры Дархан Мыңбай да құттықтау айтып, жылы лебiзiн бiлдiрдi.

«Бiз өзiмiз үшiн өте құнды, өте қасиеттi мерекенiң қарсаңында осындай жобаны iске асырып отырмыз. Бұл жоба жылдың басында басталған болатын. Шын мәнiнде, бiз тәуелсiздiкке қандай конкурс арнасақ та, қандай байқау жарияласақ та артықтық етпейдi. Өйткенi, бiздiң тарихымыз терең. Дегенмен, ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай «Тарихымыз терең болғанымен, ол туралы оқулықтар өте жұқа». Елбасының тапсырмасымен былтырғы жылы тарихи кезең – Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып, оған көптеген дүниелер арналды. Ал соның барлығын көркем өнерде, бейнелеу өнерiнде, мүсiн өнерiнде көрсету, менiңше, сiздердiң барлықтарыңыздан қосылған үлес», - дедi Д.Мыңбай.

Республика көлемiн қамтыған жобаға көптеген суретшiлер қызығушылық танытып, елiмiздiң Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Атырау, Көкшетау, Өскемен, Қарағанды, Түркiстан сынды iрi қалалары мен аймақтарынан кескiндемешiлер мен мүсiншiлер қатысты. Конкурс талаптарының басты әрi маңыздысы – туындыларды «реалистiк мәнерде» орындау болды. Яғни, көрмедегi туындылар үлкен форматтағы, көп фигуралы, композициялық құрылымы жағынан күрделi, тақырыптық трактовкасы мен түстiк бояу шешiмi жағынан сан алуан. Оған жақсы мысал ретiнде Д.Қастеевтiң «Ақтабан шұбырынды» триптихы, М.Нұрғожиннiң «Қасым сұлтан ұстаханаға келдi», Е.Кимнiң «Бұланты шайқасы» және тағы да басқа көптеген қылқалам шеберлерiнiң кескiндемелiк шығармаларын ерекше атап өтуге болады. Конкурсқа мүсiншiлер қауымы да белсене ат салысып, М.Әмiрхановтың «Абылай хан», Б.Мұхамеджановтың «Ұлы жырау Кетбұға», Е.Мақұлбаевтың «Шыңқожа батыр» және тағы басқаларының мүсiндiк туындылары келiп түстi. Түрлi материалда орындалған мүсiндiк композицияларда авторлар ел есiндегi тарихи тұлғалардың, батырлардың ерлiгіне сәйкес жиынтық образдарын сомдауға талпынған.

тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»