«Болашақ» стипендианттары Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады

«Болашақ» стипендианттары Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады

16 желтоқсан, 09:36 706
«Болашақ» стипендианттары Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлауға «Болашақ» қауымдастығы «KazAlliance» ҚБ қолдауымен құттықтау видеосын әзірлеген, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

 

 

 

 

Видеода Біріккен Араб әмірліктерінде білім алып жүрген студенттер елге деген ыстық ықыласын мен Тәуелсіздік күніне орай құттықтауын жеткізеді.

Осы кезге 12 мыңнан астам қазақстандық Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, шетелде білім алған. Қазір олардың 8 мыңнан астамы түрлі салада қызмет атқаруда.

Бүгінде мыңнан аса жас сырт елде білімін толықтыруда. Отаннан жырақ болса да, алған білімдерін және тәжірибелерін еліміздің әрі қарай дамуына қолдануға ниет білдіреді.

Айта кетейік, аталған құттықтау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Болашақ» қауымдастығының 15 жылдығына орай арналған «25 Қайырымды іс» жобасының аясында жүзеге асырылып отыр.

<">