Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметінің мәселелері қаралады
mod kz

Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметінің мәселелері қаралады

21 желтоқсан, 09:27 207 Астана
Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметінің мәселелері қаралады

Бүгін сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Параламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

 

 

Отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы», «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және  жалға беру шарттары туралы  келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселелері қаралады.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланады.

тақырыпты жалғастыруға «Мәжіліс»