Бүгін Сенатта «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобасы қаралады

Бүгін Сенатта «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобасы қаралады

22 желтоқсан, 09:07 196 Астана
Бүгін Сенатта «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобасы қаралады

Сенат Бюросында 2016 жылғы 22 желтоқсанда болатын Палата отырысының күн тәртібі келісілді, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

 

 

Сенаторлар «Пробация туралы», «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобалары мен бірқатар өзге заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін ілеспе заң жобаларын қарайды.

Күн тәртібінде «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасы және заңнамаға бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша түзетулер де бар. Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары салалық комитеттерге бөлініп берілді. Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті белгіленді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын одан әрі пысықтаумен айналысатын болды.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Сенат отырысы»