Бүгін Үкімет отырысында Бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Тұжырымдамасы қаралады
mod kz

Бүгін Үкімет отырысында Бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Тұжырымдамасы қаралады

12 желтоқсан, 09:42 222 Астана

Бүгін сағат 10:00-де Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – Бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Тұжырымдамасын талқылау, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар, «Yellow Pages Rule» шеңберінде республикалық және коммуналдық меншіктегі ұйымдарды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарын бәсекелес ортаға шығару бойынша атқарылатын жұмыс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын bnews.kz сайтынан көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

тақырыпты жалғастыруға «Үкімет отырысы»