Дамудың қаржысы шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған

Дамудың қаржысы шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған

12 желтоқсан, 16:57 293
Дамудың қаржысы шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында елордалық шағын кәсіпкерлердің тынысы ашыла бастады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-ның Астана қаласы бойынша аймақтық филиалының кепілдігімен қаражат алған кәсіпкерлер өз ісін дөңгелете бастады. Бұған арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистер де куә болды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кәсібін дөңгелеткендердің бірі- жеке кәсіпкер «Тельбаева Ж.О». Ол аяқ-киім шығаратын цехты ашу үшін 430 мың теңге субсидия алып, жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп отыр. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4%-ға арзандатылған, ал оған «Даму» Қоры кепілдік берген. Нәтижесінде алған қаржыға кәсіпкер үй жанынан цех ашып, өніріске керекті құрал - жабдықтар мен шикізаттар сатып алды. Бүгінде күніне 7-8 жұп аяқ- киім шығарып, 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Жолдасыммен кеңесе келе, дәл осы цехты ашуға барымызды салдық. Тәуекелге бел будық. Қазақстан нарығы Отандық сапалы өніммен толықса, сұраныс қашан да болады. Сондықтан сапаға ерекше көңіл бөлемін», - дейді Жангүл Телбаева.

Есесіне тауарды келіп алушы қандастарымыз көп екен. Әсіресе отандық өнім екендігін білгенде басқаға бармастан, «Begim-Sulu Fashion Shoes » аяқ киіміне таңдау түседі екен. Айтпақшы, іскер әйел тауарына осындай атау беріп, алдағы уақытта «Begim-Sulu Fashion Shoes» аяқ киім брендін тіркемек ойы бар екен.

 

«Отандық өнім сырттан келетін кез-келген аяқ- киімнен кем емес, керісінше сапасы жоғары. Өйткені терісі- Алматыдан, жүні – Тараз бен Көкшетаудан тасымалданады. Тек суыққа шыдамды аяқ-киімнің термо табанын Түркиядан жеткіземіз» - дейді Жангүл Телбаева.

Келесі кәсіпорын –. Әшекей бұйымдарды шығаратын «Kazyna Gold» ЖШС-і цех жұмысын жандандыруға 698 мың теңге алған. Бұл ақшаны айналымға жұмсаған. Мұндағы зергерлік бұйымдар классикалық үлгіде және барлық қатаң қағидаларымен дайындалады. Соның нәтижесінде сұраныс өсуде. Айта кету керек, атадан балаға өткен бұл компанияда бүгінде 25 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Кәсіпорынның тарихы 1994-ші жылдан, зергерлер әулиетінің кішкене цехынан бастау алады. Бүгінде әкеден балаға өткен компания ісін дамытып, жаңашылдық пен заманауи этно- стильді әкелуге ұжым қызметкерлері барын салады. Соның нәтижесінде зергерлік бұйымдар классикалық үлгіде және қатаң қағидаларымен дайындалуда. Жеке тапсырыспен де жұмыс істейді. Кәсіпорын өндірісте тек отандық шикізатты қолданып отыр.

Айта кету керек, 2010 жылдан бері «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының Қаржы агенттігі ретінде, оның жұмысын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бағдарлама бастау алғалы бері 7 000 астам қазақстандық кәсіпкерлер субсидия және кепілдік ретінде мемлекеттік көмекке ие болды. Төленген субсидия мөлшері 138 967 млн. теңгені құрайды. Астана қаласында аталған мемлекеттік көмекті 500 ден астам кәсіпорын алған.

«Биыл жыл басынан бері Астана қаласында несиенің барлық сомасы 20 млн. 200 мың теңгені құрайтын 71 субсидия келісім-шартына қол қойылды. Бұл үлкен жұмыстың нәтижесі. Әр келген кәсіпкерге барлық жағынан қолдау көрсетіп, түсіндіруге тырысамыз»- дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-ның Астана қаласы бойынша аймақтық филиалының менеджері Дана Асылбекқызы.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Даму қоры»