Екібастұз қаласында 270 млн теңгеге жабдықталған диагностикалық орталық ашылды
mod kz

Екібастұз қаласында 270 млн теңгеге жабдықталған диагностикалық орталық ашылды

13 желтоқсан, 17:28 200 Павлодар облысы
Екібастұз қаласында 270 млн теңгеге жабдықталған диагностикалық орталық ашылды

Екібастұз қалалық аурахананың базасында диагностикалық қызметтер көрсетілетін орталық ашылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Айта кетейік, кеншілер шаһарында диагностикалық орталықты ашу көптен бері көкейде жүрген мәселе болатын.

«Бұл қуанышты оқиғаның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келгені көңілімді одан сайын жадырата түсті. Келесі жылы Екібастұз қалалық ауруханасының үш корпусын галерея арқылы жалғайтын боламыз. Сонда аруханаларға келушілер бір ғимараттан екіншісіне қиындықсыз өтетін болады», - дейді облыс әкімі Болат Бақауов.

Орталықта науқастарды қабылдау қалалық емхана мамандарының бағыттамасы арқылы немесе азаматтардың өз өтініші бойынша жүргізіледі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, орталықта окулист, лор, кардиолог, пульмонолог, нефролог, ревматолог, эндокринолог, функционалды және эндоскопиялық диагностика дәрігерлері қабылдайды. Мекемеге 247 миллион теңге сомасындағы медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

«Орталықта жоғары сыныпты УДЗ аппараттары, көз және тыныс жолдары органдарының патологиясын анықтайтын аппараттар бар. Бұл аппараттар науқастардың дертін тез арада анықтап, оларды уақытында емдеуге мүмкіндік береді», - дейді Екібастұз қалалық аурухананың бас дәрігері Мұхаметқайыр Андосов.

Айта кетейік, Екібастұз қалалық ауруханасы  150 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, аурухана Баянауыл ауданының жақын жатқан тұрғындарына шұғыл көмек көрсетеді. Стационар Павлодар-Астана, Павлодар-Баянауыл республикалық автомагистральға жақын орналасқан стационар облыстың денсаулық сақтау жүйесінің құрылымында емдік мекеменің орнын анықтайтын фактор болып табылады.

«Бөлімшенің жалпы аумағы 450,6 шаршы метр, мамандардың қабылдаулары үшін  7 кабинет, функционалды диагностиканың 3 кабинеті, эндоскопиялық диагностиканың 3 кабинеті бар. Орталықта Екібастұз өңірінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетілудің қол жетімділігі мен сапалылығы үшін барлық жағдайлар жасалған. Бөлімшеге медициналық жабдықтар 247 млн теңгег сатып алынды», - деп хабарлады ведомстводан. 

тақырыпты жалғастыруға «»