Елбасы «Астана Балет» театрының ашылуына қатысты

Елбасы «Астана Балет» театрының ашылуына қатысты

10 желтоқсан, 19:45 179 Астана

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «Астана Балет» театрының ашылуына орай бір актілі балет премьерасын тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Астана Балет» театрының хореографиялық ұжымы Бразилия хореографы Рикардо Амарантенің классикалық музыкамен әрленген «Diversity» балетінің премьералық көрсетілімін ұсынды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы кешенінің құрамына кіретін жаңа театр әлемдік үздік үлгілерге сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген шығармашылық ұжымды қабылдай алады.

Сахнаның техникалық өлшемдері түрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы спектакльдер қоюға, концерттер, мюзиклдер және сан алуан арнаулы эффект қолданылатын шоулар өткізуге мүмкіндік береді.

тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»