Елбасы халыққа бет бұрған iс адамдарына алғыс айтты
mod kz

Елбасы халыққа бет бұрған iс адамдарына алғыс айтты

15 желтоқсан, 12:01 252 Астана
Елбасы халыққа бет бұрған iс адамдарына алғыс айтты

Тәуелсiздiк сарайында ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты жиын өтiп жатыр. Шарада Елбасы белгiлi бiр салада жетiстiкке жетiп қана қоймай, елге көмектесiп, iсiн дөңгелетiп отырған азаматтарды атады, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

Мемлекет басшысы әйгiлi балуан Жақсылық Үшкемпiров ауыл шаруашылығына бет бұрып, асыл тұқымды мал бордақылайтын кешен мен қасапхана ашып, ел дамуына үлес қосып отырғанын тілге тиек етті.

«Жақсылықтың 12 мың бас iрi қарасы бар, оның шаруашылығы соңғы үш жылда 165 тонна ет экспорттады. Ол Олимпиада чемпионы болған жiгiт. Тәуелсiздiкке дейiн ешқандай шаруашылықпен айналысқан жоқ. Мiне, қазiр қандай адам. Айтайық, Исламбек Салжанов құрған «Алтын қыран» компаниясы экономикамызға 300 млн доллар инвестиция салып, мың адамды жұмыспен қамтамасыз етiп отыр. Кәсiпкерлердiң екеуiнiң де әлеуметтiк жауапкершiлiгi жоғары, мектептердi, ауруханаларды, спорт кешендерiн де өздерi салды. Осындай өзiнiң еңбегiн, мемлекеттiң саясатын пайдаланып, байып, ауқатты адам болғаны өте жақсы. Халыққа бет бұрып, елге көмектескенi үшiн бұндай iс адамдарына тағы да бiр ризашылығымызды айтайық», - дедi Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, қазiргi бизнесмендердiң мұра қалдыратындай миллионер әкелерi болмаған. Олар осы күнге өз еңбегімен жеткен.

«Реформалардың жүзеге асуына осындай еңбекқор адамдар зор ықпал еттi», - деп түйіндеді Президент.

 

тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»