Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады

Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады

20 желтоқсан, 15:30 198 Алматы
Елбасы Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

 

 

 

 

Мемлекет басшысы әңгіме барысында А.Қалықовқа ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Ұлы Отан соғысының ардагері өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздігін нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіндегі Елбасының баға жетпес еңбегін атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасы қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбаевты қабылдады.

Кездесуде Ө.Айтбаев Қазақстан Президентіне «Қазақ тiлi» халықаралық қоғамының жұмысы туралы баяндап, мемлекеттің қазақ тілін қолдау саласындағы маңызды рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ө.Айтбаевқа алғыс айтты.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»